Бейбіт Шүменовтің үстінен қозғалған қылмыстық іс әлі жүріп жатыр

Редактор
24.01.2024, 13:09

Боксшының қазір қайда екені айтылмады

Фото ашық дереккөзден

Еліміздің Бас прокуратурасы әйгілі боксшы Бейбіт Шүменовтің үстінен қозғалған қылмыстық істің тағдыры туралы айтты деп жазады Tengri Sport.

Есте болса, былтыр Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәсіпқой боксшы қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан болатын. Мұнан кейін оның АҚШ-қа кетіп қалғаны айтылды.

«2023 жылдың 12 шілдесінде Астана қаласы Есіл аудандық полиция басқармасы Шүменовке қатысты бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. 28 тамызда іздеу жұмыстарының жүргізіуліне байланысты қылмыстық істің тергеуі тоқтап қалды. 29 желтоқсанда тергеу қайта жанданып, қазір жүргізіліп жатыр», - деді Бас прокуратураның өкілі.

Бейбіт Шүменов бүгінде спорттағы мансабын аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін ол 2018 жылы Астанада өткізіп, түрік боксшысын жеңген болатын.