Бетербиев пен Бивол биыл маусымда жұдырықтасады – Дэн Рафаэль

Редактор
25.01.2024, 13:46

Дмитрий Бивол WBA белбеуін иемденсе, қалған үш белбеу – WBC, IBF және WBO Бетербиевте

Чемпионат.ру

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағын Дмитрий Бивол (22-0, 11 КО) мен Артур Бетербиев (20-0, 20 КО) биыл жазда сарапқа салуы мүмкін.

Америкалық бокс шолушысы Дэн Рафаэльдің мәліметінше, супер жекпе-жектің уақыты мен өтетін орны белгілі.

«Бетербиев пен Бивол арасында әлі келісімге қол қойылмаған деген сыбыс бар. Бірақ, ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Бұл жекпе-жек 1 маусымда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді деп жоспарланған», - деп жазды Рафаэль өзінің Twitter-парақшасында.

Айта кетейік, Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBA белбеуін иемденсе, қалған үш белбеу – WBC, IBF және WBO Бетербиевте.