Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Өзбекстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Редактор
07.09.2025, 09:29

Исраил Мадримов Әлімханұлыны ерекше құрметтейтінін атап өтті

коллаж: 1bol.kz

Бұрынғы әлем чемпионы, өзбекстандық Исраил Мадримов (10-2-1, 7 KO) қазақстандық жеңілмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) орта салмақтағы мүмкін жекпе-жек жайында пікір білдірді.

«Егер мен 160 фунт салмақ дәрежесіне көтерілсем, барлық чемпиондармен жұдырықтасуға тырысамын. Жәнібекке деген құрметім ерекше, мұнда ешқандай жеке қарым-қатынас жоқ — бұл тек спорт. Сондықтан онымен рингке шығу мен үшін үлкен мәртебе болар еді. Қазақстан – Өзбекстанның көршілес елі, ал мұндай жекпе-жек екі мықты ұлттың арасындағы тамаша айқасқа айналар еді», – деді Мадримов The Ring басылымына.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарының иегері.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама