Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстандық тағы бір боксшы әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Редактор
08.09.2025, 17:52

Гүлсая Ержан үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды

ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ивета Лесинцкитемен (Литва) кездесті.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Гүлсая Ержан үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды. Қорытынды есеп: 3-2.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама