Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бүгін Қазақстанның жеті боксшысы әлем чемпионатында шаршы алаңға шығады

Редактор
08.09.2025, 10:15

Төрехан Сабырхан Нидерланды өкілі Робертс Боспен жұдырықтасады

ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасынан жеті спортшы өз жекпе-жектерін өткізеді. Күндізгі және кешкі сессияларда өтетін кездесулердің кестесі төмендегідей:

Күндізгі сессия:

  • 70 келі | 1/8 финал | 17:30 – 18:00
    Төрехан Сабырхан – Робертс Бос (Нидерланд)

  • 90 келі | 1/8 финал | 18:30 – 19:00
    Сағындық Тоғамбай – Джек Марли (Ирландия)

Кешкі сессия:

  • 80 келі | 1/8 финал | 17:00 – 17:30
    Гүлсая Ержан – Ивета Лесинскуте (Литва)

  • 65 келі | 1/8 финал | 22:30 – 23:00
    Аида Әбікеева – Канг Сукён (Оңтүстік Корея)

  • 60 келі | 1/8 финал | 23:15 – 23:45
    Бейбарыс Жексен – Сачин Сачин (Үндістан)

  • 75 келі | 1/8 финал | 00:45 – 01:15
    Сабыржан Аққалықов – Павло Ильющак (Украина)

  • +90 келі | 1/8 финал | 01:45 – 02:15
    Айбек Оралбай – Мусахит Илияс (Түркия)

Қазақстандық боксшылардың барлық кездесулері 1/8 финал аясында өтеді.

Айта кетейік, тарихта тұңғыш рет World Boxing ұйымының аясында әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтеді. Жарысқа 68 елден 554 спортшы (329 ер, 225 әйел) қатысуда. Қазақстан намысын Англияда 20 боксшы қорғайды. Ерлер құрамасында да, әйелдер құрамасында да 10 спортшыдан бар.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама