Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы сүйінші жаңалығын жариялады

Редактор
09.09.2025, 00:17

Кәсіпқой боксшы келісімшартқа қатысты қуанышты хабар айтты

Әлеуметтік желі

Кәсіпқой бокстың жұлдызы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында келісім-шарттың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді.

«Шешіліп қалды! Келісім-шарт 2–3 күнде біту керек! Осы апта жариялайтын шығар! Зор жаңалық болады бұйыртса!» – деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін белгілі бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай өтетінін болжаған еді. 

Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама