Үндістандық Сачинді жеңді
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы аясында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Бейбарыс Жексен (60 келі) 1/8 финалда үндістандық Сачинді жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Жекпе-жек жоғары қарқында өтіп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен Жексеннің жеңісі тіркелді. Енді ол ширек финалда Олимпиада чемпионы, өзбек боксшысы Абдумалик Халоковпен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған болатын.
World Boxing тарихындағы тұңғыш әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтіп жатыр. Жекпе-жектерді қазақстандықтар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.