1/8 финал аясындағы кездесулердің кестесі жарияланды
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығады. Күннің басты шайқастарына әлем чемпиондары мен үміткерлеріміз қатысады.
Бүгін рингке бірқатар қазақстандық боксшылар шығады. 1/8 финал аясындағы кездесулердің уақыты төмендегідей белгіленді:
51 кг | 16:00 – 16:30 – Алуа Балқыбекова – Гаюн Мун (Корея)
60 кг | 17:30 – 18:00 – Виктория Графеева – Люси Кингс-Уитли (Ұлыбритания)
55 кг | 18:30 – 19:00 – Махмұд Сабырхан – Башким Бажоку (Косово)
80 кг | 19:00 – 19:30 – Нұрбек Оралбай – Тоқтарбек Таңатқан (Қытай)
48 кг | 22:00 – 22:30 – Назым Қызайбай – Лила Залецкий (Венгрия)
70 кг | 23:00 – 23:30 – Наталья Богданова – Сема Чалышкан (Түркия)
50 кг | 00:15 – 00:45 – Санжар Тәшкенбай – Хутхайха Эшиш (Иордания)
65 кг | 01:00 – 01:30 – Ертуған Зейнулинов – Патрис Мугалзай (Ұлыбритания)
85 кг | 01:30 – 02:00 – Бекзад Нұрдәулетов – Георгий Кушиташвили (Грузия)