Осылайша, Назым Қызайбай айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) алғашқы жекпе-жегін өткізіп, сенімді жеңіске жетті.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда ол венгриялық Лилла Селецкимен қолғап түйістірді. Екінші раундта қарсыласы бір рет нокдаунға түсті. Ал шешуші үшінші раундта Селецки тағы екі мәрте нокдаун алып, рефери жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты. Осылайша, Назым Қызайбай айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Енді отандасымыз ширек финалда Украина боксшысы Анна Охота мен Сингапур өкілі Маниша Матиалаган арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Назым Қызайбай — 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионы. Биыл Астанада өткен World Boxing кубогында да алтыннан алқа тағынған еді.
Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты алғаш рет жаңа ұйым — World Boxing аясында ұйымдастырылып отыр. Дүбірлі дода 4 қыркүйекте басталып, 14 қыркүйекке дейін жалғасады.