Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Төрехан екеуіміздің арамызда спарринг болған жоқ, кәсіпқой бокстан ұсыныстар түсіп жатыр – Абылайхан Жүсіпов

Бүгін, 11:15

Қазақстан біріншілігіне дайындалуға уақыт берді

бокс федерациясы

Жақында бокстан елімізде өткен әлем кубогінде 70 келіде Абылайхан Жүсіпов ел намысын қорғаған еді. Алайда Абылайханның қабағындағы жарақаты кедергі келтіріп, алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалды. Бұл жағдайдан соң жанкүйерлер арасында «әлем чемпионатында Қазақстанның намысын кім қорғайды?» деген сауал жиі көтерілді. Көп ұзамай, бұл салмақта Төрехан Сабырханның әлем біріншілігіне қатысатыны белгілі болды. Осыдан кейін Абылайханның өзіне хабарласып, әлем чемпионатына іріктеу қалай өтті, алдағы мақсат жоспары жайлы сұрап білдік.

–  Әлем чемпионатына 70 келі салмақта Төрехан Сабырхан аттанды. Осы салмақта екеуіңіздің араңызда спарринг болды ма? Жалпы, ұлттық құрамада әлем чемпионатына іріктеу қалай өтті?

– Төрехан екеуіміздің арамызда спарринг болған жоқ. Басшылық пен бас бапкердің шешімімен әлем чемпионатына Төрехан Сабырхан баратын болды. Маған жарақатымды емдеп, Қазақстан біріншілігіне дайындалуға уақыт берді.

– Бұл жолы әлем чемпионатына бармағаныңызға өкініш бар ма? Ішіңіз де «Әттеген-ай» деген сезім қалған жоқ па?

– Ешқандай әттеген-ай, өкініш жоқ. Ең бастысы біз үшін осы салмақта жақсы нәтижеге қол жеткізсек болды.

– Алдағы уақытта кәсіпқой боксқа қайта ауысу жоспарыңызда бар ма? Кәсіпқойдан ұсыныстар түсіп жатқан жоқ па?

– Иә, қайтадан кәсіпқой боксқа ауысуға ұсыныстар түсіп жатыр. Бірақ әзірге осы әуесқой бокста еңбегімді сіңіргім келеді. Жалпы қазір әуесқой мен кәсіпқойды қатар алып жүруге рұқсат бар ғой. Мысалы, Өзбекстан, Ресейде де қос тарапты қатар ұстап жүрген боксшылар жетерлік.

– Бұған дейін бір сұхбаттарыңыздың бірінде «құрамада Төреханнан өзге де талантты боксшылар бар» деген едіңіз. Сол спортшыларға әлем чемпионаты сияқты ірі жарыстарға неге мүмкіндік берілмей жатыр?

– Солай айтқаным рас. Бірақ бұл жерде меңзегенім 70 келіде бәсекелестік өте жоғары екенін айтқым келді. Ешқандай астарсыз айттым. Расымен де 70 келі салмақта бақталастық, бәсекелестік өте жоғары. Төреханның әлем чемпионатына барғанына ұлттық құрамадағы боксшылардың ешқайсысында наразылық болған жоқ деп ойлаймын.

– Ендігі алдағы мақсат, жоспарыңыз қандай?

– Қазіргі мақсат, жоспар алдағы ел чемпионаты. Қазан айында Абай облысы, Семей қаласында өтетін Қазақстан біріншілігі тыңғылықты дайындалудамын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама