Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Нұрбек Оралбай өзбек боксшысына есе жіберді

Редактор
10.09.2025, 19:33
Instagram/@boxingkazakhstan

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы, Олимпиада-2024-тің күміс жүлдегері әрі 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай жарысты тоқтатты.

Ширек финалдағы айқас

80 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрбек Оралбай ширек финалда Өзбекстан өкілі Жавохир Умматалиевпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілердің бірауыздан шешімімен (5:0) қарсыласы басым түсті. Екінші раундта қазақстандық спортшы қарқынын арттырып, есепті қысқартты — 3:2.

Алайда шешуші үшінші раундта өзбек боксшысы толық үстемдікке ие болып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Умматалиев кем дегенде қола медальді қамтамасыз етсе, Нұрбек Оралбай жүлдесіз қалды.

Турнирдегі жағдай

Әлем чемпионаты-2025 жарысы 4-14 қыркүйек аралығында өтуде. Бұл турнир World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы біріншілігі ретінде тарихта қалмақ.

Осы күні Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі сәтті өнер көрсетті:

  • Виктория Графеева (60 кг) өзбекстандық Ситора Турдыбекованы жеңді;

  • Елдана Тәліпова (+80 кг) Жаңа Зеландия спортшысы Селин Дэниэл Ли-Лоны тоқтатты;

  • Махмұд Сабырхан (55 кг) жапондық Руи Ямагучиден басым түсті;

  • Төрехан Сабырхан (70 кг) франциялық Макан Траорені айқын ұтты.

Кешкі бағдарламада тағы бірнеше қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама