Өзбек боксшысы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты
Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Сағындық Тоғамбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатын аяқтады.
Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді.
Өзбек боксшысы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) жеңді.
Бұған дейін Олимпиада-2024-тің күміс жүлдегері әрі 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай өзбек боксшысына есе жіберіп, жарысты тоқтатты.