Жарнама
Жарнама

Қазақстандық 8 боксшы жартылай финалда бақ сынайды

Редактор
11.09.2025, 09:19

Тағы екі қазақстандық спортшы ширек финалда жұдырықтасады

ҰОК

Ливерпуль қаласында (Англия) өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы жартылай финалға жолдама алды.

Олардың қарсыластары мен жекпе-жек кестесі (уақыт – Астана уақытымен):

12 қыркүйек

  • 19:00 — Әйелдер, 60 кг. Виктория Графеева — Ребека де Лима Сантос (Бразилия)

  • 22:30 — Әйелдер, 65 кг. Аида Абикеева — Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия)

  • 23:15 — Әйелдер, +80 кг. Елдана Тәліпова — Агата Качмарска (Польша)

  • 01:15 — Ерлер, +90 кг. Айбек Оралбай — Хулио Сезар ла Крус (Куба)

13 қыркүйек

  • 18:00 — Ерлер, 55 кг. Махмұд Сабырхан — Лю Чуан (Қытай)

  • 22:15 — Әйелдер, 51 кг. Алуа Балкибекова — Ци Синью (Қытай)

  • 22:45 — Ерлер, 70 кг. Торехан Сабырхан — Одель Камара (Англия)

  • 23:15 — Әйелдер, 70 кг. Наталья Богданова — Шантель Рид (Англия)

Айта кетейік, тағы екі қазақстандық спортшы әлі ширек финалда жұдырықтасады. 12 қыркүйек күні Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Ташкенбай (50 кг) рингке шығады.

Реклама
Реклама