Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Әділ төрелік жасалды ма?»: Өзбек боксшысынан жеңілген Ертуған Зейнуллинов үндеу жасады

Редактор
11.09.2025, 11:09

Ол ширек финалда өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевқа есе жіберді

ҰОК

Қазақстан чемпионы Ертуған Зейнуллинов Ливерпульде өткен 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалындағы жекпе-жектен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады.

«Ассалаумағалейкум қазақ елім. Барымды салдым, өздеріңіз көргендей, бәрі де Алланың қалауымен болды. Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма – оны бағалау сіздердің қолдарыңызда. Ең әуелі – Аллаға шүкір! Бапкерлеріме шексіз рақмет, оларсыз бұл жолға жете алмас едім. Халқыма қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Сіздердің сенімдеріңіз – маған ең үлкен күш. Бұл тек бастамасы ғана, алда бұдан да биік белестер бар. Қазақ елінің абыройын асқақтату үшін тер төгуді жалғастыра беремін!», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

65 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдағы кездесуде Зейнуллиновқа 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаев қарсы тұрды. Жекпе-жек қазылардың бірауыздан шығарған шешімімен өзбек боксшысының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұл нәтиже көпшіліктің талқысына түсіп, төрешілердің шешімі төңірегінде түрлі пікірлер айтылды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама