Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Назым Қызайбай украиналық қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты

Редактор
Бүгін, 16:25

Жекпе-жек 5:0 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді

ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Бұрымды бокшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Ширек финалда отандасымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірді.

Назым Қызайбай алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Нәтижесінже еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатында кем дегенде қола медаль алады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама