Отандасымыз кубалық Алехандро Кларо Физді жеңді
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті.
Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтады.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.