Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Назым Қызайбай Өзбекстан боксшысын жеңіп, финалға өтті

Редактор
13.09.2025, 16:25

Енді әлем біріншілігінің алтын медалі үшін бақ сынайды

ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Назым Қызайбай 5:0 есебімен басым түсті. Екінші кезең 2:3 есебімен өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен үшінші үшминуттықта қазақстандық жеңісті суырып алды.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем біріншілігінің финалына өтті.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама