Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Алуа Балқыбекова жартылай финалда қытайлық қызға мүмкіндік қалдырған жоқ

Редактор
13.09.2025, 22:44

Финалда Алуа Балқыбекова түркиялық Бусеназ Чакыроғлумен кездеседі

ҰОК

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing-2025 әлем чемпионатында финалға жолдама алды.

51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Балқыбекова жартылай финалда қытайлық Синью Цимен кездесті. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген қазақстандық спортшы тартысты айқаста 4:1 есебімен айқын басымдық танытты. Осылайша Синью Ци турнирдің қола жүлдегері атанды.

Финалда Алуа Балқыбекова түркиялық Бусеназ Чакыроғлумен кездеседі. Түрік спортшысы екінші жартылай финалда өзбекстандық Феруза Қазаковадан 4:1 есебімен басым түсті.

Балқыбекованың жетістіктері

  •  IBA өткізген әлем чемпионатының жеңімпазы

  • Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері:

    • 2022 ж. — күміс медаль

    • 2023 ж. — қола медаль

Айта кетейік, бұл — World Boxing ұйымы өткізген тарихтағы алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама