Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«15 жекпе-жек жеңілмеген боксшыны қапы қалдырды»: Төрехан Сабырхан финалға шықты

Редактор
13.09.2025, 23:19

Финалда Севон Окадзавамен жұдырықтасады

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing-2025 әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Төрехан Сабырхан жартылай финалда осыған дейін 15 жекпе-жекте жеңілмеген жергілікті боксшы Одель Камараны айқын басымдықпен ұтты. Бұл жеңіс қазақстандық спортшыны шешуші айқасқа алып шықты.

Финалдағы қарсылас

Алтын жүлде үшін айқаста Төрехан Сабырхан жапониялық тәжірибелі боксшы Севон Окадзавамен жұдырықтасады. Жапон спортшысы жартылай финалда иордандық Зеяд Ишаишаны 4:1 есебімен жеңген болатын.

Қарсыласының жетістіктері

  • 2021 жылы IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған;

  • 2022 жылы Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы.

Төрехан Сабырханның жетістіктері

  • Азия құрлығында жасөспірімдер мен жастар арасындағы төрт дүркін чемпион (құрлық тарихындағы тұңғыш спортшы);

  • 2025 жылдың сәуірінде кәсіпқой бокста дебют жасап, алғашқы айқасында жеңіске жеткен.

Турнир жайлы

Бұл чемпионат тарихта алғаш рет жаңа ұйым — World Boxing аясында өтіп жатыр. Жарыс 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпульде ұйымдастырылған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама