Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жыл жекпе-жегі: Канело жеңілді, Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

Редактор
Бүгін, 10:58

Мексикалық супер-жұлдыз бүкіл атағынан айрылды

Getty Images

Лас-Вегаста кәсіпқой бокстан жылдың басты жекпе-жегі аяқталды. Екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағын сарапқа салған мексикалық Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен Кроуфорд жеңіске жетті.

Жекпе-жек 12 раундтқа созылды. Сарапқа Канелоның барлық белбеуі салынған болатын. Кроуфорд болса бұған дейін екінші орта салмақта жұдырықтаспаған.

12 раунд бойы Кроуфорд қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік берген жоқ. Ұпай айырмасын қысқарту үшін мексикалық «жұлдыз» әр раунд сайын ашық шабуылдар ұйымдастырғанымен, америкалық боксшы оны сериялар соққысымен күтіп алып отырды.

Осылайша, Теренс Кроуфорд екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанып отыр. Ол кәсіпқой бокс мансабында мүлдем жеңіліп көрмеген, 42 рет рингке шығып, бәрінде жеңген. Сауль Альварес болса бүкіл атағынан айрылып отыр. Ол осымен үшінші рет жеңілді, 63 рет жеңіп, 2 рет тең ойнаған.

Еске салайық, Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жек өткізіп, соның екеуінде жеңген, бірінде тең түскен.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама