Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бүгін сегіз қазақ боксшысы әлем чемпионатының финалында жұдырықтасады

Редактор
Бүгін, 11:40

Төрехан Сабырхан мен Севон Окадзава жекпе-жек өткізеді

ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы әлем чемпионатында бүгін, 14 қыркүйекте, Қазақстан құрамасынан сегіз бірдей боксшы финалда өнер көрсетеді.

Финалға шыққан боксшылар

Ерлер арасында:

  • 50 келі: Санжар Тәшкенбай

  • 55 келі: Махмұд Сабырхан

  • 70 келі: Төрехан Сабырхан

  • 90 келіден жоғары: Айбек Оралбай

Әйелдер арасында:

  • 48 келі: Назым Қызайбай

  • 51 келі: Алуа Балқыбекова

  • 65 келі: Аида Әбікеева

  • 70 келі: Наталья Богданова

Жекпе-жектер кестесі (Қазақстан уақытымен)

  • 16:00 — Әйелдер, 48 кг: Назым Қызайбай — Минакши (Үндістан)

  • 16:15 — Ерлер, 50 кг: Санжар Тәшкенбай — Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)

  • 16:45 — Ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан — Рафаэль Лосано Серрано (Испания)

  • 22:00 — Әйелдер, 51 кг: Алуа Балқыбекова — Бусеназ Чакыроглу (Түркия)

  • 22:30 — Әйелдер, 65 кг: Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

  • 22:45 — Ерлер, 70 кг: Төрехан Сабырхан — Севон Окадзава (Жапония)

  • 23:00 — Әйелдер, 70 кг: Наталья Богданова — Лекейша Перголити (Австралия)

  • 23:45 — Ерлер, 90+ кг: Айбек Оралбай — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Трансляция

Барлық жекпе-жектерді қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама