Ол өз салмағындағы мықтылардың бәрін әлеуметтік желі арқылы жекпе-жекке шақырып жүр
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) осы салмақта WBA чемпиондық титулына ие кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырды.
Қазақ боксшысы үш бірдей белбеуді сарапқа салып, супер жекпе-жек өткізуді ұсынып отыр.
«Лара, қайдасың? Кел, төбелесейік! Биыл менде төрт титулдың бәрі болуы керек. Сен нағыз чемпионмен төбелесуің керек», - деп жазды Жәнібек X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кету керек, Эрисланди Лара 30 наурызда австралиялық боксшы Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) жұдырықтасады. Кубалық боксшы 2022 жылдың мамыр айынан бері рингке шықпаған.