Мәйітін оның достарының бірі жалдап тұрған пәтерден күзетші Чака Зито тапқан
Аса танымал боксшы, екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Артуро Гаттидің ұлы - Артуро Гатти (кіші) Мексика астанасы Мехикода 17 жасында қайтыс болды.
World Boxing News басылымының хабарлауынша, Гаттидің мәйітін оның достарының бірі жалдап тұрған пәтерден күзетші Чака Зито тапқан. Жас спортшы асылып қалған.
Артуро Гатти (кіші) әкесінің жолын қуып, бокспен кәсіби түрде айналысуды армандаған. Ол алғаш рет алты жасында жаттыға бастаған және әуесқой турнирлерге қатысып жүрген. Жақын арада кәсіпқой рингке шығуы жоспарланған еді.
Айта кетейік, оның әкесі - әйгілі Артуро Гатти (үлкен) 2009 жылы Бразилияда демалыс кезінде жұмбақ жағдайда көз жұмған болатын. Сол кезде спортшы пәтерінде өлі табылып, сараптама қорытындысы оның өз-өзіне қол жұмсағанын көрсеткен.