Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын нокаутпен жеңемін деп мәлімдеді

Редактор
09.10.2025, 10:28

Жанкүйерлер Адаместі «Қазақ стилінен» қашып жүр» деп айыптаған

әлеуметтік желі

Орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізсе, оны мерзімінен бұрын жеңетініне сенімді. 

Бұл мәлімдемесін доминиканалық боксшы өз жазылушыларының бірімен әлеуметтік желідегі диалог барысында айтты. Жанкүйерлер Адаместі «Қазақ стилінен» қашып жүр» деп айыптаған.

– Сен менің құрметімнен айырылдың. Неге жай ғана Жәнібекпен жұдырықтаспайсың? Ол онша мықты емес қой,  –  деп жазды жанкүйер.

– Мен оны тоқтатар едім, – деп жауап берді Адамес.

Айта кетейік, бұған дейін Карлос Адамес қараша айында Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған жекпе-жектен бас тартқан болатын. Себебі ол қазақстандық чемпионмен жекпе-жектің қаржылық және ұйымдастырушылық шарттарына келіспеген.

Сонымен қатар желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен унификациялық жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама