Коннор Тирни қазақстандық әйгілі боксшы жекпе-жекке шақырды
Британдық жалаң жұдырық лигасының (Bare Knuckle FC, BKFC) чемпионы Коннор Тирни қазақстандық әйгілі боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинге жекпе-жекке шақырды.
«Қолғаптағы әлем чемпиондарын көріп отырып, мен нағыз GGG-мен жекпе-жек өткізгім келді. Айқастырса, үш раундта-ақ жеңемін деп ойлаймын», – деп жазды ол Instagram парақшасында Геннадий Головкиннің аккаунтын белгілей отырып.
Сарапшылардың пікірінше, Тирнидің бұл мәлімдемесі жуырда өткен BKFC 81 турнирімен байланысты болуы мүмкін. Аталған кештің басты айқасында бұрынғы әлем чемпионы Джеймс Дигейл австралиялық Мэтти Флойдты төрешілер шешімімен жеңген еді.
Айта кетсек, Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын. Сол кезден бері Головкин шаршы алаңға шықпаған.
Қазір GGG World Boxing ұйымының Олимпиадалық комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүр. Геннадий Головкиннің кәсіби мансабында 42 жеңіс (оның 37-сі нокаутпен), 2 жеңіліс және 1 тең есеп бар.