Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Теренс Кроуфорд келесі қарсылас ретінде Жәнібекті емес, америкалық боксшыны таңдамақ

Редактор
12.10.2025, 18:05

Жәнібек Әлімханұлы жуырда үшінші белбеу үшін жекпе-жек өткізгелі жатыр

Getty Images

Америкалық промоутер Эдди Хирн Теренс Кроуфорд (42–0, 31 КО) пен Джарон Эннис (35-0, 31 KO) арасында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Жуырда ғана мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альваресті (63–3–2, 39 КО) жеңгеннен кейін Кроуфорд болашағына қатысты болжам жасай алмайтынын айтқан еді. Дегенмен, ол мансабын аяқтауы немесе орта салмақ дивизионына өтуі мүмкін екенін ишаралаған болатын. Бәрі ақшалай ұсыныстарға байланысты.

Хирннің пікірінше, оның шәкірті Эннис даңқты чемпионды жекпе-жекке шақырып, оған лайықты қарсылас бола алады.

«Менің ойымша, Кроуфордпен жекпе-жек – ғасыр жекпе-жегі болады. Бірақ, біз оған лайықты екенімізді дәлелдеуіміз керек. Теренс тек өте үлкен гонорар берсең ғана рингке шығады. Ол Эннистің қаншалықты мықты екенін біледі, сондықтан аз ақшаға келіспейді. Эннис мұндай жекпе-жекке лайықты. Менің ойымша, екеуінің арасындағы айқас 9-12 айдан кейін болуы тиіс», - деді Эдди Хирн talkSPORT басылымына берген сұхбатында.

2023 жылы IBF қос боксшы арасында жартылай орта салмақта кездесу ұйымдастырмақ болған. Алайда, жекпе-жек болмай қалып, Кроуфорд чемпиондық белбеуінен айрылған еді.

27 жастағы Джарон Эннис алғашқы орта салмақ дивизионына көшіп, мұндағы бірінші жекпе-жегін Уисма Лимаға қарсы өткізеді. Кроуфорд болса орта салмаққа қайта оралып, IBF/WBO титулдарының иесі Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) кездесуі мүмкін деген болжам айтылған. Дегенмен, америкалықтың командасы нақты жоспарын әлі жариялаған жоқ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама