Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

WBO басшысы Жәнібек Әлімханұлына қолдау білдірді

Редактор
Бүгін, 14:01

Жәнібек Әлімханұлы «абсолют чемпион» болуды мақсат етіп отыр

elle.com.kz

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы барлық белбеулерді біріктіріп, «абсолют чемпион» болуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Нағыз чемпион барлық төрт белбеуді иеленуге ұмтылуы керек! Егер сізде тек бір-екі белбеу болса, демек, басқа чемпиондар да бар деген сөз. Ал шын мықты өз атағын ешкімге қалдырмауы тиіс. Әр чемпион осылай ойлауы қажет!» — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы X желісінде.

Әлемдік бокс ұйымының басшысы, WBO президенті Густаво Оливьери орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық белбеулер туралы айтқан сөзін қолдады.

Густаво Оливьери Жәнібектің сөзін өз парақшасына репост жасап, қысқа ғана пікір қалдырды:

«Белбеулердің мәні бар, чемпион!»

Осылайша ұйым басшысы қазақстандық боксшының абсолют чемпион болуға деген ұмтылысын қолдайтынын көрсетті.

Қазір «Қазақ стилі» АҚШ-та жаттығу өткізіп жатыр. Шетелдік инсайдерлердің мәліметінше, 6 желтоқсанда ол орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізеді. Егер бұл айқаста жеңіске жетсе, Жәнібек Әлімханұлы үш титулды қатар иеленіп, абсолют чемпиондыққа бір қадам жақындайды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама