Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

Редактор
13.10.2025, 22:17

Еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады

ҚБФ

14-21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Биыл өтетін біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шебері.

14 қазанда жарыстың жеребесі тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді. Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Салмақ дәрежелері:

Ерлер: 50 келіге дейін, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары.

Әйелдер: 48 келіге дейін, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі және 80 келіден жоғары.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама