Бокстан қыздар құрамасының бас бапкері Надежда Рябецтің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Редактор
30.01.2024, 09:41

Боксшы спорттан кеткенімен әліге дейін ұлттық құрамадан жалақы алып келеді

Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы қыз, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы және жастар арасында Азия чемпионы болған Надежда Рябец күні кеше спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген. Ол саладағы басшылардың былығы мен әділетсіздігінен шаршағанын ашып айтқанымен, нақты кімдерге ренжулі екенін атамады. Осыған орай Tengri Sport тілшісі қыздар арасында ұлттық құраманың бас бапкері Шамиль Сафиуллинмен сұхбаттасып, Рябецтің мәлімдемесіне байланысты пікірін сұрады.

«Мен оның спорттан не үшін кеткенінің нақты себебін білмеймін. Былтыр ол спартакиаданың финалында 0:5 есебімен жеңіліп қалды. нәтижесінде, оның салмағында чемпион болған өзге қыз бірінші номер болды.

Осыдан кейін ол үлкен жарыстарға қатысқан жоқ, өйткені біз бірінші номердегі боксшыны алып барамыз. Оның салмағы – олимпиадалық салмақ, бәсекелестік өте жоғары.

Ол Азиа ойындарына қатыса алған жоқ, бәлкім соған ренжіген болар. Бұл – спорт, кім жеңеді – сол жарысқа барады. Келесі ел чемпионатына дейін ол бірінші ноер бола алмайды», - деді Ш.Сафиуллин.

Бап бапкер сұхбат барысында Надежда Рябец айтқан былықтарға қатысты да пікірін білдірді.

«Оның реніші нақты кімге бағытталғанын білмеймін. Бірақ, ол Бокс федерациясы мен Спортты дамыту дирекциясынан ұлттық құрамадағы екінші боксшы ретінде жалақы алып келеді. Оның құқығы тапталғанын көрген емеспін. Бұл туралы онымен сөйлескен де емеспіз.

Боксшы ұзақ уақыт бірінші номерлі болып жүріп жеңіліп қалғанда түрлі реакция көрсетуі мүмкін. Бәлкім ол осы жайтты ауыр қабылдаған шығар», - деп Ш.Сафиуллин жағдайды өзінше түсіндірді.