Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлының жолындағы басты кедергі анықталды

Редактор
17.10.2025, 10:01

Әлімханұлы 6 желтоқсанда Эрисланди Ларамен кездеседі

nomadpromos/Instagram

Орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының барлық белбеулерді біріктіру жоспарына не кедергі болуы мүмкін? Бұл сұраққа АҚШ-тың танымал бокс сарапшысы Зак Шумакер нақты жауап берді.

Әлімханұлы 6 желтоқсан күні WBA тұжырымы бойынша чемпион, кубалық Эрисланди Ларамен кездесіп, IBF және WBO титулдарын біріктіруді мақсат етіп отыр. Бұл жекпе-жек нәтижесінде отандасымыз орта салмақтағы ең беделді боксшылардың бірі ретінде тарихқа енбек.

Алайда Шумакердің айтуынша, Әлімханұлының абсолют чемпион болуына кедергі келтіріп отырған басты мәселе — WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамес. Ол бұған дейін Жәнібекпен жекпе-жекке шығудан бас тартқан еді. Себебі доминикандық боксшы қазақстандық тарап ұсынған шарттарды қабылдамайтынын айтқан.

«Негізгі проблема – Карлос Адаместің Жәнібекпен кездесуге ниет білдірмеуі. Бұл баршаға белгілі жағдай. Адамеспен келіссөздер тоқтағаннан кейін Әлімханұлы бірден өз назарын басқа чемпионға аударып, Эрисланди Ларамен келісімге келді. Бұл – нағыз батыл шешім. Ол IBF және WBO белбеулерін біріктіріп, орта салмақтың көшбасшысы болуға дайын. Жәнібекке құрметім шексіз. Ал Адамеске келсек, енді әрекет етуі керек. 6 желтоқсанда бізде үш белбеудің иесі пайда болады, ал Адамес жалғыз қалған WBC чемпионы болып қала береді. Оған енді үлкен жекпе-жек өткізіп, өз деңгейін дәлелдейтін уақыт келді», - деді Зак Шумакер подкастында.

Сарапшылардың пікірінше, Жәнібек Әлімханұлы – қазіргі таңда абсолют чемпиондық атаққа ең жақын боксшы. Егер Карлос Адамес өз қорқынышын жеңіп, Әлімханұлымен рингке шықса, орта салмақ тарихындағы ең маңызды біріктіру жекпе-жектерінің бірі болмақ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама