Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Геннадий Головкин пен Хабиб Нурмагомедов Дубайда кездесті

Редактор
17.10.2025, 15:56

Бұл туралы Максим Головкин Instagram парақшасында жазды

instagram.com/gmg_max

Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жеңіл салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмагомедовпен кездесті.

Кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтті. Максим Головкин Instagram парақшасында бауыры Геннадий, Хабиб және Eagle FC ұйымының басшысы Шамиль Завуровпен бірге түскен суретті жариялады. Пост бірнеше сағат ішінде 3 мыңнан астам лайк жинаған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, сондай-ақ World Boxing жанындағы олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметін атқарады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама