Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан чемпионаты: 35 жастағы Жайна Шекербекова жартылай финалға өтті

Редактор
18.10.2025, 20:51

Бокстан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін жалғасады

ҰОК

Белгілі қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Семей қаласында өтіп жатқан ел чемпионатының ширек финалында жұдырықтасты.

Шымкент атынан сынға түскен Шекербекованың қарсыласы астаналық Сания Сұлтанқызы болды. Жайна үш раунд бойы айқын басымдық танытып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медаль иесі атанып отыр.

Жайна Шекербекова - әлем чемпионатының жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Бокстан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін жалғасады.

Естеріңізде болса, Шекербекова биылғы наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатының ширек финалында шаршы алаң иесіне жол берген еді.

Айта кетейік Шекербекова 1989 жылғы 17 желтоқсанда дүниеге келген.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама