Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жанкүйерлерге ауыр сөздер айтқан боксшы сенімді түрде жеңіске жетті

Редактор
Бүгін, 09:18

Оның бұл сөздері көпшіліктің ашуын туғызған

бокс федерациясы

Семей қаласында бокстан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалдық кездесуде Қарағанды облысының өкілі Сабыржан Аққалықов пен алматылық Нұрбол Мұхаметәлі қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жектің екінші раундында алматылық боксшы нокдаунға түсті, осылацша Аққалықов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Сабыржан Аққалықов - 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол 2025 жылдың шілдесінде Астанада өткен World Boxing кубогы кезеңінде алтын медаль иеленген болатын.

Ал 2025 жылғы әлем чемпионатында (Ливерпуль) ол 1/8 финалда жеңіліс тауып, өзін сынаған жанкүйерлерге арнап мәлімдеме жасаған еді. Оның бұл сөздері көпшіліктің ашуын туғызған.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 14 қазанда басталып, 21 қазанға дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы ерлер мен әйелдер ұлттық құрамаларының құрамы анықталады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама