Боксшыға Қарағанды облысы, Шахтинск қаласынан екі бөлмелі пәтер берілді
Жас боксшы Сабыржан Аққалықовқа пәтер кілті табысталды. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов Спорт министрі telegram арнасында жазды.
«Семейдегі ішкі біріншіліктің ең қуанышты жаңалығы осы мен үшін. Бірер ай бұрын «әкім неге уәдесін орындамайды?» деп жазған едім. Ол кезде Сабыржан жастар арасында әлем чемпионы атанған соң жергілікті әкім пәтер сыйлауға уәде беріп, кейін бұл сөз ұмыт қалған болатын. Енді, араға 3–4 жыл салып, сол уәде орындалды», — деп жазды журналист.
Сабыржан Аққалықов бұған дейін жастар арасында әлем чемпионы, әлем кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы, әрі «ең үздік боксшы» атанған болатын.
Боксшыға Қарағанды облысы, Шахтинск қаласынан екі бөлмелі пәтер берілді. Енді ол анасымен және екі қарындасымен бірге жаңа шаңыраққа қоныстанбақ. Аслан Қаженовтің айтуынша, Сабыржанның техникасы жоғары, болашағы зор спортшы. Қазір аймақтық және республикалық федерациялар тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде.
«Осының арқасында Сабыржан әлі талай биікті бағындырып, әлемді мойындатады деп сенемін», — деп түйіндеді журналист.
Естеріңізде болса, Сабыржан Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы сәтсіз өнерінен соң жанкүйерлерге ауыр сөздер айтамын деп, сынға ұшыраған еді. Семейде өткен ел біріншілігінде ерлер арасында үздік боксшы атағы 23 жастағы қарағандылық Сабыржан Аққалықовқа (75 келі) бұйырды. Ол қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, финалда да сенімді жеңіске жетті.