Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Усик карьерасын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
22.10.2025, 22:50

Украиналық боксшы қазір 38 жаста

sports24.kz

Ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, украиналық боксшы Александр Усик (24-0, 15 КО) кәсіби мансабын аяқтауына қатысты мәлімдеме жасады.
38 жастағы спортшының айтуынша, ол 41 жасқа дейін жұдырықтасып, содан кейін жаттықтырушылық қызметке бет бұруды жоспарлап отыр.

«Мен 41 жасқа дейін бокстасамын. Сонан соң әрі өзім жаттығып, әрі жас боксшыларды баулитын спорт академиясын ашамын», - деді Усик Home of Fight басылымына берген сұхбатында.

38 жастағы украин боксшысы осы күнге дейін бір де бір рет жеңілмеген, алдымен бірінші ауыр, кейін суперауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Биыл шілде айында Усик америкалық Даниэль Дюбуаға (22–3, 21 КО) қарсы өткен реваншта қарсыласын нокаутқа жіберіп, суперауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағын қайта иеленді. Енді оның келесі жекпе-жегі ММА ережесі бойынша америкалық блогер Джейк Полмен (12–1, 7 КО) өтуі мүмкін.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: