Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Головкинді Бахрейнде жанкүйерлер жүргізбей қойды

Редактор
23.10.2025, 16:35

Отандық саңлақтар мен ресми тұлғалар да кезекке тұрған

ҰОК

Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына барды. 

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті (ҰОК) жариялаған бейнероликтен әйгілі спортшының келуі қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырғанын көруге болады.

GGG-мен бірге суретке түсу үшін түрлі елдің спортшылары да, отандық саңлақтар мен ресми тұлғалар да кезекке тұрған.

Айта кетсек, орта салмақта WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын иеленген Геннадий Головкин қазір Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті әрі әуесқой боксты қадағалайтын World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: