Спортшының жары Назира Бейсенова жолдасы Сәкенмен бірге түскен сәтін бөліскен
Қазақстандық танымал боксшы, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жұбайының суреті алғаш рет әлеуметтік желіде жарияланды.
Спортшының жары Назира Бейсенова жолдасы Сәкенмен бірге түскен сәтін бөліскен. Бұл сурет оның TikTok-тағы ресми парақшасында жарияланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ал көпшілік суреттің астында жылы лебізін білдіруге асыққан.
«Келіншегі сүйкімді екен», «Сәбилеріңіз көп болсын!», «Бақытты болыңыздар», «Әдемі жұп», «Сәкен Олимпиада чемпионы болсын», - деп жазған оқырман.
Айта кетейік, Сәкен мен Назира 2021 жылы шаңырақ көтерді, алайда боксшы жеке өмірін көпшілік назарынан тыс ұстап келді.
Сәкен Бибосынов - Қазақстан боксының жарық жұлдыздарының бірі. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2021 жылы чемпион атанды. Сол жылы Токио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды. Ал осыдан бірер күн бұрын 27 жастағы боксшы Семейде өткен ел біріншілігінде 55 келіде топ жарды.