Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Хасанбой Дусматов салмағын қуа алмай, чемпиондық титулдан «айрылып» қалды

Редактор
26.10.2025, 11:37

Енді оған мүмкіндік қашан берілетіні белгісіз

Olamsport

Аса жеңіл салмақтағы өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов пен мексикалық Рене Калисто арасындағы IBF чемпиондық титулы үшін өтуі тиіс жекпе-жек болмайтын болды деп хабарлады vRINGe.com

Ресми салмақ өлшеу рәсімі кезінде Дусматов негізгі лимиттен 1,36 кг асып кеткен. IBF ережесі бойынша ол жекпе-жек болатын күні қайта таразыға түсіп, артық салмағын қуып тастауы керек еді. Алайда, өзбек боксшысының денсаулығы сыр беріп, ол рингке шықпайтын болды.

Хасанбой Дусматов – Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы. Әлем және Азия ойындарының жеңімпазы. Азияның үш дүркін чемпионы.

Есте болса, дәл осыған ұқсас жағдай қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының басынан өткен болатын. 2024 жылы ол жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жек алдында салмақ қуа алмай зорығып, ауруханадан бір-ақ шыққан еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама