Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында (Техас штаты) өтеді
АҚШ-тың бұрынғы белгілі боксшысы, қазіргі таңда танымал бапкер Малик Скотт қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді.
«Ол – ерекше спортшы. Адамдар Усикке қалай таңданса, әлем Жәнібекке дәл солай қарайтын болады. Бұл жігіттің ерекшелігі көп – қашықтықты сезінуі, төзімділігі, қозғалысы... бәрі жоғары деңгейде», – деді Малик Скотт Inside The Ring бағдарламасында.
32 жастағы қазақстандық боксшы профессионал рингте 17 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол қазір WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болып табылады.
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында (Техас штаты) өтеді.
Ол WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасады. Бұл кездесу орта салмақтағы біріктірілген әлем чемпионы атағы үшін өтеді.
Малик Скотттың пікірінше, Жәнібек Әлімханұлы – қазіргі заманның ең техникалық және сабырлы боксшыларының бірі, және оның болашағы зор.