Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы аболютті әлем чемпионы атанады - Брайан Велория

Редактор
28.10.2025, 19:14

Бұл кездесуде орта салмақтағы үш негізгі чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

ФОТО: Getty Images

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының қазіргі жаттықтырушысы, екі салмақта әлем чемпионы атанған америкалық маман Брайан Велория шәкіртінің кәсіби бокста абсолют чемпион атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

«Жәнібек көптен бері абсолют чемпион болуға дайын. Бірақ мәселе — ешбір чемпион не танымал боксшы оған қарсы шығуға келіспей отыр. Енді міне, Лара батылдық танытып, жекпе-жекке шығуға шешім қабылдады. Біз Жәнібекпен өте тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Ол бабында, бар күшін жинап келеді. Егер жекпе-жек келесі аптада өтсе де, ол дайын болар еді. Егер ол бар назарын сақтап, табанды түрде еңбектенуді жалғастырса, міндетті түрде абсолют чемпион атанады», – деді Велория Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 KO) арасындағы біріктіру жекпе-жегі 6 желтоқсан күні АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтеді.

Бұл кездесуде орта салмақтағы үш негізгі чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Жекпе-жек нәтижесінде жеңімпаз әлемнің ең беделді үш тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең мықты боксшы –  абсолют чемпион атанады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама