Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге ниетін білдірді

Редактор
29.10.2025, 11:38

2026 жылы екі мықтының рингтегі кездесуі әбден мүмкін

әлеуметтік желі

Әлемнің абсолютті чемпионы Теренс Кроуфорд қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен болашақта кездесу мүмкіндігін меңзеді.

Америкалық боксшы Колумбияның Богота қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) 38-конвенциясына қатысып, Instagram парақшасында бейнеролик жариялады. Кадрда LED-голограммада алдымен Кроуфордтың өзі бейнеленіп, сәлден кейін экранда WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының суреті пайда болады.

Бұл детальды байқаған AccordingToBoxing X-парақшасы былай деп жазды:

«Теренс Кроуфорд 2026 жылы Жәнібек Әлімханұлымен „абсолют“ үшін жекпе-жекке ниетін білдірді ме? Иә, солай сияқты. Ол камераны тым тез алып кетті — бұл жай сәйкестік емес!»

Айта кетейік, Кроуфорд бұған дейін орта салмаққа ауысу ықтималдығын жоққа шығармаған. Ал Жәнібек Әлімханұлы қалған екі белбеуді біріктірген соң, америкалық чемпионмен кездесуге әзір екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Екі мықтының рингтегі кездесуі 2026 жылдың ең күтілетін жекпе-жектерінің біріне айналуы әбден мүмкін.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама