Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Үш белбеу сарапқа салынады. Әлімханұлы мен Лараның жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Редактор
30.10.2025, 00:10

Үш чемпиондық атақты біріктірген тұңғыш қазақстандық

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO, IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен жұдырықтасады.

Бұл туралы Top Rank компаниясы мәлімдеме жасады.
Тарихи жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатына қарасты Сан-Антонио қаласындағы «Frost Bank Center» аренасында өтеді.

Бұл кездесуді Premier Boxing Champions ұйымдастырып, Әлімханұлының ақылы трансляциялар жүйесіндегі (PPV) дебюті болмақ.

Жәнібек бұл айқаста жеңіске жеткен жағдайда, үш чемпиондық атақты біріктірген тұңғыш қазақстандық атанады.

Ал кештің басты жекпе-жегінде мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч рингке шығады.

Айта кетсек, жеңімпазға WBO, IBF және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы беріледі. Барлық белбеуді біріктіру үшін оған WBC титулын иелену ғана қалады. Бұл белбеу қазір доминикандық Карлос Адамеске тиесілі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама