Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

15 жылдан кейін чемпион атанған бес баланың анасына 1 млн теңге берді

Редактор
29.10.2025, 21:30

 Шешуші кездесуде ол Әнел Құдайбергенді жеңді

Әлеуметтік желі

Бес баланың анасы, бокстан әйелдер құрамасының мүшесі Әйгерім Сәттібаева туған жерінде марапатталды.

Ол Семейде өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Жамбыл облысының биылғы жалғыз чемпионына Тараз қаласының спорт басқармасы 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берді.

14-21 қазан аралығында өткен ел біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласын ұтты. Шешуші кездесуде ол Әнел Құдайбергенді жеңді. Сөйтіп араға 15 жыл салып, Қазақстан чемпионы атанды.

Жеңісінен кейін спортшыны Тараз қаласының спорт басқармасы арнайы марапаттап, 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табыстады.

Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері негізінде 2025-2026 жылдарға арналған ұлттық құрама жасақталмақ.

Әйгерім Сәттібаева – бес баланың анасы, ал оның жары Олжас Сәттібаев та кезінде кәсіби бокспен айналысқан.

Еске сала кетейік, Әйгерім Сәттібаева 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: