Жарнама
Жарнама

Әлімханұлының менеджері Адамеспен жекпе-жек неге өтпегенін түсіндірді

Редактор
05.11.2025, 15:01

Сол себепті біз PBC ұйымымен жұмыс істеп, көңілден шығатын келісімге қол жеткіздік

Фото - Петр Душчик

IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұмыс істейтін менеджер Эгис Климас WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен жекпе-жек неге өтпей қалғанын түсіндірді.

Адамеспен кездесу өтпегенімен, Әлімханұлы 6 желтоқсанда WBA чемпионы Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізу туралы келісімге келді. Бұл айқас АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.

«Біз (Адаместің командасымен) ұзақ келіссөздер жүргіздік. Меніңше, Адамес ойлана келе Жәнібекпен жұдырықтасудан бас тартты. Шындығын айтқанда, ол Жәнібектен қорқып, тәуекелге барғысы келмеді деп есептеймін. Сол себепті біз PBC ұйымымен жұмыс істеп, көңілден шығатын келісімге қол жеткіздік. PBC-дің арқасында Ларамен жекпе-жек ұйымдастыруға мүмкіндік алдық», – деді Климас баспасөз конференциясында.

Реклама
Реклама