Жарнама
Жарнама

Қазақстанның ең сұлу боксшысы ұлттық құрамаға оралды

Редактор
05.11.2025, 16:42

Соңғы жекпе-жегінің алдында да ол әйелдер ұлттық командасымен бірге жаттыққан еді

instagram.com/muzdi___

Қазақстандық танымал боксшы Балауса Мұздыман әлеуметтік желіде жаңа жазбасын жариялады.

 Елдегі ең көрікті боксшы саналған спортшы қазіргі уақытта ұлттық құраманың боксшылары жаттығатын Олимпиада резервін даярлау орталығында түсірілген видеомен бөлісті. Кадрлардан оған 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ұлттық құраманың мүшесі Әнел Сақыш серік болғанын көруге болады.

Айта кетейік, Балауса Мұздыман кәсіби боксқа ауыспай тұрып, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен. Соңғы жекпе-жегінің алдында да ол әйелдер ұлттық командасымен бірге жаттыққан еді.

Реклама
Реклама