Жарнама
Жарнама

Қазақстаннан 13 алтынға озып кеткен Өзбекстан спортшыларын ерекше марапаттады

Редактор
05.11.2025, 18:01

Бұл сында Өзбекстан құрамасы 37 алтын, 16 күміс және 28 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды

Фото: Boxinguzbekistan

Қазанның 22-сі мен 31-і аралағында аралығында Бахрейнде ІІІ жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтті. Бұл сында Өзбекстан құрамасы 37 алтын, 16 күміс және 28 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

«Өзбекстанның Ұлттық олимпиада комитетінде аталған жарыста жүлдегер атанған спортшылар мен олардың бапкерлеріне мемлекет тарапынан белгіленген біржолғы ақшалай сыйақылар табысталды», – деп жазды Boxinguzbekistan телеграм-арнасы.

Айта кетейік, Өзбекстанда жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпаздары – 3000 доллар, күміс жүлдегерлер – 2000 доллар, ал қола жүлдегерлер 500 доллар сыйақы алады. Олардың арасында боксшылар да бар.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы жарысты 24 алтын, 29 күміс және 40 қола жүлдемен аяқтап, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтаған. Ал Қазақстаннан 13 алтынға көбірек жинаған Өзбекстан екінші орын алды.

Сарапшылардың айтуынша, Өзбекстан соңғы жылдары спортты жүйелі реформалап, аймақтардағы спорт мектептерін күшейтті, балалар мен жасөспірімдер академияларын дамытты. Спорт ғылымына, жаттықтырушылардың дайындығына, скаутингке ерекше көңіл бөлінді.

Реклама
Реклама