Эрисланди Лара Жәнібек Әлімханұлы туралы ойын ашық айтты
Орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) өз командасының WBO және IBF тұжырымдары бойынша белбеу иегері Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) біріктіру жекпе-жегін ұйымдастыра алатынына күмәнмен қарағанын мәлімдеді.
Көптен күткен кездесу 6 желтоқсан күні АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді. Жекпе-жек PBC промоутерлік компаниясының аясында ұйымдастырылмақ.
Шыны керек, бәрі ойдағыдай болады деп сенімді болмадым. Тек сабырмен күттім және жағдайдың қалай өрбитінін бақылап отырдым. Өз промоутеріме және командама сендім — олар бәрі нақтыланғанда немесе болмай қалғанда хабар берер еді. Қалай болғанда да, мен кез келген жағдайға дайын болдым, — деді 42 жастағы Лара баспасөз конференциясында.