Жарнама
Жарнама

Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлы туралы сұраққа жауап берді

Редактор
17.11.2025, 15:24

Ол қазіргі таңда спорттық мәселелерді ойламайтынын атап өтті

instagram/janibek_alimkhanuly

Абсолютты чемпион Теренс Кроуфорд жеңіл салмаққа ауысып, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы The Ring басылымы жазды.

Америкалық боксшыдан болашағы мен жаңа дивизионға ауысу жоспары туралы сұралғанда, ол қазіргі таңда спорттық мәселелерді ойламайтынын атап өтті.

– Алда не істейтініңді ойладың ба? Орта салмаққа өту ойыңда бар ма? Жәнібекке көз салып жүрсің бе?

– Мен қазір демалып жүрмін. Ештеңеге алаңдамаймын. Қазір тек балаларым жайлы ойлаймын, басқа ештеңе емес, –  деді Кроуфорд.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы WBO, IBF және WBA титулдары үшін кубалық Эрисланди Ларамен біріктірілген жекпе-жекке шығады. Бұған дейін Теренс Кроуфорд осы айқасты жіті бақылап көретінін мәлімдеген, себебі ол тағы бір салмақ дәрежесін бағындыруға қызығушылық танытып отыр.

Реклама
Реклама