Жарнама
Жарнама

«Үнділерден өте алмады»: Әлем кубогында қазақ боксшылары жаппай жеңілді

17.11.2025, 17:11

Қазақстан құрамасының 4 боксшысы өзбек спортшыларына қарсы кездесуде сүрінді

ҰОК

Бокстан Делиде өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының 4 боксшысы өзбек спортшыларына қарсы кездесуде сүрінді. 

Бүгін жарыс кестесіне орай ұлттық құраманың бес мүшесі шаршы алаңға шыққан еді. Алайда олардың арасынан тек 80 келіде Санжарәлі Бегалиев қана жартылай финалға жолдама алып отыр. 

Жерлесіміз ширек финалда Оңтүстік Корея боксшысы Минсен Кимді жеңіп, турнирдің жүлдегерлер қатарына қосылып отыр. 

Бұдан бөлек, 55 келіде Нұрсұлтан Алтынбек Паван Бартвалға есе жіберсе, 75 келіде Аман Қонысбеков Өзбекстан өкілі Джавохир Абдурахимовтан осал болып шықты. Ал Бекзат Таңатар (90 келі) үнді спортшысы Навин Кумарға қарсы айқаста есе жіберді. Сондай-ақ, әйелдер санатында Ақбота Болат ширек финалға дейін жеткенімен, жартылай финалға шығар жолда үндістандық Минакши Минакшиді жеңе алмады. 

Әлем кубогында отандық былғары қолғап шеберлеріне енді үнді боксшылары тегеурінді қарсылық таңытып отыр. Бұған дейін Қазақстан былғары қолғап шеберлері үшін өзбекстандықтар алынбас қамалға айналған болатын.

Реклама
Реклама