«Қайрат» – «Брюгге» матчындағы фаворит анықталды

Редактор
20.01.2026, 17:52

Қос команда бүгін Астанада кездеседі

©ФК "Кайрат"

Британдық Opta аналитикалық компаниясы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алматылық Қайрат пен бельгиялық Брюгге арасындағы матчқа болжам жариялады.

Opta деректеріне сәйкес, кездесуде қонақ команда фаворит саналады. «Брюггенің» жеңіске жету ықтималдығы 59% деп бағаланса, «Қайраттың» турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы тарихи жеңіске жету мүмкіндігі 18%. Ал тең нәтиже тіркелу ықтималдығы 21%.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-тур ойыны 20 қаңтарда Астанадағы Астана Арена стадионында өтеді. Кездесу 20:30-да басталады.

 

 

Реклама
Реклама